Біз сіздің балаңыздың жетістігін білім мен шығармашылық инфрақұрылымымен байланыстыра отырып, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етуге тырысамыз.altynuya.balabaqshas.kz
"Алтын ұя" бөбекжай-бала бақшасының ресми сайтына қош келдіңіз!
"Алтын ұя" бөбекжай-бала бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, 351 орам 41/1 орналасқан.
Балабақшада 4 топ бар
«Таңшолпан» МАД тобы
«Балауса» Ересек топ
«Еркежан» Ортаңғы топ
«Қошақан» кіші топ
Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, жоғары санатты тәрбиешілерден, аспазшылар және медбикелерден құралған. Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген. Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл бойы балаларға жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі. Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз ата-аналармен біргелікте балаларды Отан сүйгіштікке тәрбиелейміз.